«Біз мектепке барамыз!»
Бүгін балабақшамызда «Біз мектепке барамыз!» аясында «Әр бала — бір жұлдыз!» атты «»Бәйтерек» ересек тобының балабақшамен қоштасу кеші өтті.
Кеш барысында тәрбиеленуші түлектеріміз шумақты тақпақтар,әсем әндер,көңілді ойындар және керемет би қойылымдарымен өз өнерлерін көрсетті.
Бүлдіршіндер кеш барысында балабақшадағы апайларына өз алғыстарын білдірді.
Кеш соңында балаларға «Диплом» және сыйлықтар табыс етілді.
Сіздерге сәттілік тілейміз!