Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Киелі мекен» апталығы жалғасуда.
Туған өлкемізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Киелі мекен» апталығы жалғасуда.
Сыр өңірі ежелден тарихи-мәдени ескерткіштер мен қасиетті кесенелерге бай өлке.
Игі бастамаларға Арал халқы белсене атсалысып,аудан тұрғындары «Балықшылар» музейінің ауласына тазалық және көркейту-көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп,ағаш көшеттерін отырғызды.Аталған шараға қала тұрғындары,мәдениет және өнер саласының қызметкерлері белсенді қатысты.
Жалпы тек акция аясында ғана емес облыс көлеміндегі көркейту-көгалдандыру және санитарлық-тазалық сенбіліктері барлық елді мекендерінде көктемнің алғашқы күні 1наурыздан бастау алып,тұрақты түрде жүргізілуде.