Туған өлкемізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Киелі мекен» апталығы жалғасуда. Сыр өңірі ежелден тарихи-мәдени ескерткіштер мен қасиетті кесенелерге бай өлке. Игі бастамаларға Арал халқы белсене атсалысып,аудан тұрғындары «Балықшылар» музейінің ауласына тазалық және көркейту-көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп,ағаш көшеттерін отырғызды.Аталған шараға қала тұрғындары,мәдениет және өнер саласының қызметкерлері белсенді қатысты. Жалпы тек акция аясында ғана емес облыс…
Читать дальше
КМҚК «Балдырған” балабақшасында қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықты болдырмау, заңсыз әрекеттердің орын алмауы мақсатында жиналыс өткізілді. Жиналыста балабақша қызметкерлерінен, ата-аналар тарапынан қаржы жинау фактілерінің орын алмауы туралы балабақша меңгерушісі Тлеулиева Гулзат Кемалқызы түсіндірме жұмысты жүргізді. Мемлекет тарапынан балабақшаға қажетті жағдайдың жасалып, шаруашылық заттарымен қамтамасыз етіліп отырғаны туралы айтып, әдеп қағидаттарын сақтау керектігін ескертті.
Ұйымдастырылған іс-әрекет «Ғажайып ғарыш» Міндеті: ғарышкерлер мен аспан әлемі кеңістігіндегі зерттелген жетістіктер жайында әңгімелей отырып, білімдерін кеңейту.Қазақ ғарышкерлері туралы мағұлмат беру,отансүйгіштікке баулу,қызықты ойындар ұйымдастыру арқылы аспан әлемі жайында білімдерін жетілдіру. Тәрбиеші: Махамбетова.О.
Таза Қазақстан экологиялық акциясы “Таза Қазақстан”республикалық акциясы басталды. Елімізде үстіміздегі жылдың 8 сәуірі мен 8 мамыр аралығында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы бастау алды. Соған байланысты “Балдырған” балабақшасы қызметкерлері тазалық жұмыстарын жүргізіп,акцияға белсенділік танытты.