Бүгін балабақшамызда «Біз мектепке барамыз!» аясында «Әр бала — бір жұлдыз!» атты «»Бәйтерек» ересек тобының балабақшамен қоштасу кеші өтті. Кеш барысында тәрбиеленуші түлектеріміз шумақты тақпақтар,әсем әндер,көңілді ойындар және керемет би қойылымдарымен өз өнерлерін көрсетті. Бүлдіршіндер кеш барысында балабақшадағы апайларына өз алғыстарын білдірді. Кеш соңында балаларға «Диплом» және сыйлықтар табыс етілді. Сіздерге сәттілік тілейміз!
КМҚК «Толқын» балабақшасында «Ұлттық ойындар арқылы балалардың адамгершілік патриоттық сезімдерін қалыптастыру» тақырыбында ұйымдастырылған семинарда үздік өнер көрсетіп, белсенді атсалысқаны үшін Арал аудандық білім бөлімінің «Алғыс» хатымен балабақшамыздың тәрбиешісі Махамбетова Орынкуль Абишевна марапатталды. Құттықтаймыз! Абырой биігінен көріне беріңіз! Ұлттық ойындарымыз дәріптелген семинарда тәрбиешіміз «Қыз қуу» ұлттық ойынын ұсынды. Алдағы жұмыстарыңызға тек сәттілік! https://www.facebook.com/100030133667374/videos/pcb.1177331626614615/2487550854766282