Автор: admin

Коммунальное государственное казенное предприятие «Детский сад «Балдырган» отдела образования по Аральскому району Управления образования Кызылординской области

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР! ”Балдырған” балабақшасы» базасында 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалары мектепке дейінгі ұйымға бармайтын ата-аналарға (заңды өкілдерге) арналған ТЕГІН КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТ жұмыс жасайды. Сіздерге: 1) (Instagram, Facebook, Telegram) мессенджерлері, телефон арқылы мамандардың консультацияларын; 2) Білім беру ұйымының сайтында мәтіндік консультациялар; мектеп жасына дейінгі балаларға арналған бейне – ойындарды ұсынамыз. Консультация алуға төмендегі байланыс телефондар…
Читать дальше

Бөлісу/Поделиться:

Білім бастауы — балабақшада!

БІЛІМ БАСТАУЫ- БАЛАБАҚШАДА Құрметті ұстаздар! Қымбатты ата-аналар және бүлдіршіндер! Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен шығармашылық, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілейміз!

Бөлісу/Поделиться:

Қазіргі таңда балаларды балабақшаға кезекке қою SMART NATION сайтында жүзеге асуда.

Құрметті ата-аналар! Қазіргі таңда балаларды балабақшаға кезекке қою https://balabaqsha.snation.kz/ сайтында жүзеге асуда. Балаларыңызды балабақшаға кезекке қою барысында сұрақтарыңыз болса төмендегі көрсетілген ұялы телефон нөмірлеріне хабарласуларыңызға болады! 8778-333-80-54 8702-932-77-01

Бөлісу/Поделиться:

Балабақшамыздың «Балдәурен» ересек тобында асфальтқа сурет салу іс-шарасы өтті.

Алақай,жаз келді!Балабақшамыздың «Балдәурен» ересек тобында асфальтқа сурет салу іс-шарасы өтті. Іс-шара барысында бүлдіршіндер «Жаз келді!»,»Жайлау»,»Менің отбасым» тақырыбында еркін өз қиялдарымен сурет салды. Тәрбиешілер:С.Қалжанова М.Жугунисова

Бөлісу/Поделиться:

«Біз мектепке барамыз!»

Бүгін балабақшамызда «Біз мектепке барамыз!» аясында «Әр бала — бір жұлдыз!» атты «»Бәйтерек» ересек тобының балабақшамен қоштасу кеші өтті. Кеш барысында тәрбиеленуші түлектеріміз шумақты тақпақтар,әсем әндер,көңілді ойындар және керемет би қойылымдарымен өз өнерлерін көрсетті. Бүлдіршіндер кеш барысында балабақшадағы апайларына өз алғыстарын білдірді. Кеш соңында балаларға «Диплом» және сыйлықтар табыс етілді. Сіздерге сәттілік тілейміз!

Бөлісу/Поделиться:

«Ұлттық ойындар арқылы балалардың адамгершілік патриоттық сезімдерін қалыптастыру»

КМҚК «Толқын» балабақшасында «Ұлттық ойындар арқылы балалардың адамгершілік патриоттық сезімдерін қалыптастыру» тақырыбында ұйымдастырылған семинарда үздік өнер көрсетіп, белсенді атсалысқаны үшін Арал аудандық білім бөлімінің «Алғыс» хатымен балабақшамыздың тәрбиешісі Махамбетова Орынкуль Абишевна марапатталды. Құттықтаймыз! Абырой биігінен көріне беріңіз! Ұлттық ойындарымыз дәріптелген семинарда тәрбиешіміз «Қыз қуу» ұлттық ойынын ұсынды. Алдағы жұмыстарыңызға тек сәттілік! https://www.facebook.com/100030133667374/videos/pcb.1177331626614615/2487550854766282

Бөлісу/Поделиться:

«Әрқашан күн сөнбесін!»

«Әрқашан күн сөнбесін!» «1-маусым Балаларды қорғау» күніне орай балабақшамыздың «Бәйтерек» ересек тобында шығармашылық тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыру,достыққа,татулыққа баулу,мереке қарсаңында балаларға көтеріңкіі көңіл-күй сыйлау. Тәрбие сағаты барысында балалар өз қиялдарына ерік беріп,жасаған жұмыстары бойынша еркін әңгімелеп берді. Тәрбиеші: О.Махамбетова

Бөлісу/Поделиться:

«Айналайын» талантты балалар өнер фестивалінде дипломдарымен және жетекшілері «Алғыс хатпен»марапатталды.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! З.Шүкіров атындағы Арал қалалық мәдениет үйі ұйымдастырған «Айналайын» талантты балалар өнер фестивалінде бүлдіршіндеріміз үздік өнер көрсетіп, үздік номинация дипломдарымен және жетекшілері «Алғыс хатпен»марапатталды

Бөлісу/Поделиться:

«1-мамыр Бірлік күні » тәрбие сағаты өтті

«1-мамыр-Бірлік күні» мерекесі құтты болсын! Мерекеге орай «Бәйтерек» ересек тобында «1-мамыр Бірлік күні » тәрбие сағаты өтті Мақсаты: Бірлік мерекесінің- Қазақстандықтар үшін татулық пен ынтымақ мейрамы екенін түсіндіру. Қазақстанда тұратын көп ұлттар достығы мен тұтастығын,салт -дәстүрін сыйлауға тәрбиелеу. Сыйластық, татулық,бақыт ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту. Тәрбиешілер:Махамбетова.О. Такеева.О.

Бөлісу/Поделиться:

Балабақшам-бақытты мекенім!» балалардың шығармашылық көрмесі сәтті.

«Балабақшам-бақытты мекенім!» балалардың шығармашылық көрмесі сәтті. Тәрбиешілер: Қалжанова.С. Жугунисова.М.

Бөлісу/Поделиться: