Балабақша тарихы
Қызылорда облысы Арал қаласындағы КМҚК «Балдырған» балабақшасы 40 ж Қазақстан көшесі №33а мекенжайында 1979 жылы салынып, жобалық қуаттылығы — төрт топта 100 балаға арналған жәй типтік балабақша болып пайдалануға берілді.
Осы жылдарда балабақша меңгерушісі Арзымхан Максуткалиева болды. Ол басшылық жасаған уақыт аралығында көптеген түлектер мектепке жол тарты. Балабақшада әр топта 8 тәрбиеші және әуез жетекшісі мен барлығы 10 педагог -12 техника қызметкер еңбек етті.
1994 жылы қазан айынан бастап балабақшамызды жаңа меңгеруші, Білім беру ісінің үздігі Әбдіқанова Бағжан Әділқызы басқарды. Балабақшаның осы кезде жобалық қуаттылығы 4 топта 90 балаға арналды. Төрт топта 8 педагог-тәрбиеші,музыка жетекшісі, әдіскер,11 педагог -14 техникалық қызметкерлер еңбек етті.
2009 жылы балабақша меңгерушісі зейнетке шығарылды.
2009 жылдың тамыз айынан бастап балабақша меңгерушісі Айбусынова Майра Кішкенеқызы басшылық жасады . Балабақшаның топтары мен ұжымы өзгеріссіз өз жұмысын жалғастырды.
2016 жылдың балабақшамызды жаңа басшы Қожақова Рсалды Ерболатқызы басқарды. Балабақшада 4 топта 83 бала тәрбиеленді. Оған 12 педагог,14 техникалық қызметкерлер еңбек етті.
2019 жылдың қыркүйек айынан бастап балабақша ғимараты апаттық жағдайда деп танылып, жалдамалы ғимаратқа көшірілді.
2020 жылдың сәуір айынан бастап, балалардың жан басына шаққандағы қаражатқа байланысты 77 қаулы басшылыққа алынып, бір топ қысқартылды және штат саны да қысқартылды.
2022 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі таңда балабақша меңгерушісі Тлеулиева Гулзат Кемалқызы басқарып келеді.
Қазіргі таңда жобалық қуаттылығы 3 топта- 60 бала тәрбиеленуде. Қазіргі таңда жалдамалы ғимаратта Өтемісұлы көшесі 2А үйде орналасқан.
Балабақшада 8 тәрбиеші, 1музыка жетекшісі, 1логопед маман, 11-педагог- 16 техникалық қызметкер жұмыс жасауда.
6 педагог жоғары білімді, 5 педагог арнаулы орта білімді, тәжірибелі мамандар.
Педагогтардың 5 — педагог-модератор, 2 педагог- І санатты, 2 педагог –ІІ санатты, 2 педагог –санатсыз.
Балабақшамызда екі ортаңғы «Балапан», «Балдәурен» және «Бәйтерек» ересектер тобы бар. Әр топтағы тәрбиеленушілер саны-20 баладан. Жыл сайын Аудандық білім бөлімінің жоспарына және балабақша жоспарларына сай аймақтық семинарлар, түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Балабақшамыз ҚР Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын басшылыққа алып жұмыс жасауда.