Сыбайлас жемқорлықты болдырмау, заңсыз әрекеттердің орын алмауы мақсатында жиналыс өткізілді.

КМҚК «Балдырған” балабақшасында қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықты болдырмау, заңсыз әрекеттердің орын алмауы мақсатында жиналыс өткізілді. Жиналыста балабақша қызметкерлерінен, ата-аналар тарапынан қаржы жинау фактілерінің орын алмауы туралы балабақша меңгерушісі Тлеулиева Гулзат Кемалқызы түсіндірме жұмысты жүргізді. Мемлекет тарапынан балабақшаға қажетті жағдайдың жасалып, шаруашылық заттарымен қамтамасыз етіліп отырғаны туралы айтып, әдеп қағидаттарын сақтау керектігін ескертті.

Бөлісу/Поделиться: